Өскеменде тағы да ағаштар құлап, көліктерді басып қалды

Өскемен қаласының бірнеше ауданында ағаштар құлап, жол қозғалысына кедергі келтіріп, тұрақтағы көліктерді зақымдады.
Оқиға куәгерінің мәліметінше, ағаштар Назарбаев даңғылы мен Алматы көшесінде құлаған.
«Назарбаев даңғылы. 34-үй. Ағаш құлады. Жасыл, бірақ шіріп кеткен. Полиция қызметкерімен бірге жолдың үстінен алып тастауға тырысамыз», – дейді куәгерлердің бірі.
Оның айтуынша, Алматы көшесінде де осындай оқиға болған. Теректер бұл жерде екі көліктің үстіне құлаған.
«Меніңше, әкімдік ағаштарды тексеретін комиссия құруы керек шығар. Әйтпесе, олар күтпеген жерден құлап, қирап жатыр. Көлік майысқан. Ал ағаш басына сымдар оралып тұр. Үшінші көлікке де бұтақ тиген. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын», – дейді куәгер.
Оқиғаның мән-жайы мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
8 шілдеде Өскеменде қатты желден құлаған ағаштар қала көшелерін басып қалған еді. Бұл жолы шіріп құлаған.