Шымкентте 15 жастағы жасөспірімнің асқазанынан 1 келі шаш алынды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасына 2011 жылы туған жасөспірім жедел жәрдеммен жеткізілді.

Otyrar ақпаратына қарағанда, науқас ішінің ауыратынына, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздік пен ашушаңдыққа шағымданған.

Дәрігерлер зертханалық және аспаптық тексерулерден кейін шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдаған.

Операция барысында хирургтер жасөспірімнің асқазанынан салмағы шамамен 1 келі, ұзындығы 30 сантиметр болатын трихобезоарды — жұтылған шаштан түзілген тығыз түйінді алып шықты.

Дәрігерлердің мәліметінше, ота сәтті өткен. Одан кейін науқас дәрігерлердің бақылауымен жансақтау және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды.

Айта кететін жайт, Алматыда №2 балалар клиникалық ауруханасының хирургтары 12 жастағы қызға күрделі операция жасап, өмірін сақтап қалған еді.

Сондай-ақ оқыңыз