Ақтауда 10-қабаттың сыртқы терезе жақтауына шығып кеткен бала құтқарылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Милош Муратовский

Ақтауда 10-қабаттың сыртқы терезе жақтауына шығып кеткен кішкентай баланың  өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы полицияға хабарлама түсті.

Polisia.kz ақпаратына қарағанда, ақпарат түскен бойда патрульдік полиция экипажы оқиға орнына жедел жеткен.  

«Полицейлер келген сәтте жағдай аса қауіпті болды. Кәмелетке толмаған бала терезеге шығып алып, ғимараттың сыртқы жақтауында тұрған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел, батыл әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды», – делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, бүлдіршін аман-есен құтқарылды. Ақтау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері  Ержан Көкенов пен Данияр Татиев баланың өмірі сақтап қалған.

Айта кететін жайт, Алматыда бесінші қабаттан құлаған төрт жасар бала аман қалған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз