Қостанайлық әйелін өлтіріп, денесін дәретханаға жасырып, өзі екі ай бойы іздеген

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қостанай облысы Убаган ауылында отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін буындырып өлтіріп, кейін мойнына пышақ салған.

Kriminal_kazakhstan ақпаратына қарағанда, оқиға биыл ақпан айында болған. Содан кейін ол марқұмның денесін даладағы дәретханаға тастаған. Көрінбесін деп үстіне қар мен шөп сеуіп қойған.

Қылмысын жасырып, туыстарына әйелдің ақша табу үшін басқа жаққа кеткенін айтқан.  Алайда «хабар-ошар жоқ» деп екі ай бойы оны іздеген сыңай танытқан.

Сот ер адамды жұбайын өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 10 млн теңге, сондай-ақ материалдық залал мен процессуалдық шығындар өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ал Атырауда бұрынғы жігітін сүйреп өлтірген полицей әйел жазадан босатылды.

Сондай-ақ оқыңыз