«Депутаттықтан бас тарт»: жұрт Аша Матайдың депутат болғанын қаламайды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
жұрт Аша Матайдың депутат болғанын қаламайды
Жұрт Аша Матайдың депутат болғанын қаламайды / Фото: instagram.com

Аша Матай Құрылтай сайлауына кандидат ретінде тіркелгеннен кейін оның айналасында қызу пікірталас өрбіді. Бүгінде threads әлеуметтік желі қолданушылары Аша Матайды депутат ретінде көргісі келмейтіндерін ашық жазуда.

«Маған ондай депутат керек емес»

«Еліміздегі қазақ қыздары тұрмыстық зорлық-зомбылықпен белсенді түрде күресіп жатыр. Ал Аша Матай «еркектермен сөз таластырмаймын, себебі мені анам осылай тәрбиелеген» дейді. Оның бұл сөзі — Қазақстан әйелдерін ашық түрде төмендету, бұл еліміздегі әйелдер құқығы үшін жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан күресті жоққа шығару деген сөз. Маған ондай депутат керек емес», – дейді amiisarra атты пайдаланушы.

Тауық сойса да, қасапшы сойсын

Тағы біреулер «Бұлай болмайды, бізге әйелдердің позициясын ашық қорғап, мүддемізді нық әрі қуатты түрде қорғауға өкілдік ететін адам керек», «Тауық сойса да, қасапшы сойсын!» деген сияқты пікірлер қалдырып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайды көмекшілерімен бірге дебатқа шақырған еді. Ал Матай өз кезегінде өзін дебатқа шақырғандарға жауап беріп, анасының «ер адаммен, ел ағасымен сөз таластыру жараспайды» деген тәрбиесін алға тартып, пікірталастан бас тартқан болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз