Ресейде Павел Дуров экстремизм мен терроризмге қатысы бар адамдар тізіміне енгізілді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
REUTERS/Albert Gea, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Ресей билігі Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты экстремизм мен терроризмге қатысы бар адамдар тізіміне енгізді.

Interfax ақпаратына қарағанда, тізімге Ресейдің Қаржылық мониторинг жөніндегі федералдық қызметі енгізген.

Аталған қызмет тізілімі бейсенбі күні жаңартылды.

Ресей заңнамасына сәйкес, аталған тізімге енген азаматтардың банк шоттарындағы қаражат бұғатталып, оларға банктік қызмет көрсету тоқтатылады.

Өткен сәрсенбіде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) Павел Дуровқа терроризмді қолдады деген айып тағылғанын мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, Telegram әкімшілігі Ресей аумағында терактілер мен диверсияларды үйлестіру үшін пайдаланылатын арналар мен боттарды жоймаған.

Арнайы қызметтің хабарлауынша, Павел Дуровқа халықаралық іздеу жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз