Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы каникул уақытын бекітті

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Жаңа оқу жылындағы каникул қандай / Фото: shutterstock

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы каникул уақытын бекітті.

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Бірінші тоқсаннан соң 7 күндік беріледі. Ол 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

Екінші тоқсан да жа оқушылар 8 оқу апта оқиды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.

2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында бірінші сынып оқушыларға қосымша демалыс беріледі.

Үшінші тоқсанда оқушылар 10 апта білім алады. Көктемгі демалысқа 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында шығады. Соңғы тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Биылдан бастап мұғалімдер сабақтан тыс уақытта оқушының өміріне жауапты емес.

Сондай-ақ оқыңыз