«Қайта келіп пышақтады»: Нұрайдың қазасына куә болған әйел оқиғаны айтып берді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Нұрай Серікбайдың соты өтіп жатыр/фото: Instagram, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына куә болған әйел оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Сөзінше, 2026 жылдың 11 қаңтары кешке жұмыстан келе жатып бір қыздың айғайлаған дауысын естіген. 

Куә Индира Беркінбаева бастапқыда қызды біреу ұрып жатыр деп ойлаған. Бір кезде жанынан бір жігіт жүгіріп өткен. Артынша жігіт қайта айналып келіп, күртешесінің қалтасынан пышақ шығарып, қызды бірнеше рет пышақтаған. Әйел сол кезде Нұрай Серікбайдың жерде жатқанын көрген. 

«…Жігіт қашып бара жатты. Айғайлаған дауыспен «Не істеп жатсың? Қазір полиция шақырамын» дедім. Ары қарай кетіп бара жатсам, жігіт қайтып келді. Қарасам, қыз жерде жатыр екен. Қызға барып, күртешесінің қалтасынан пышақ шығарып, 2-3 рет сұқты. Өзім де аяқ-қолымды қимылдата алмай тұрып қалдым. Үйіме қарай қашып кеттім», – дейді куә Индира Беркінбаева.

 Индира Беркінбаева жігіттің қызға пышақ сұғып жатқанын анық көргенін айтты. 

«…Екі көліктің ортасында қыз жатыр екен. Ол кезде пышақтап кетті деп ойлаған жоқпын. Сол уақытта жігіт қайта келді. 1-2 минутқа жетпейтін уақытта болды. Бойы ұзын, шашы жалбырап қалған жігіт. Маған қарай шабуыл жасай ма деп қашып кеттім», – дейді әйел.

Содан кейін куә үйіне барып, қызын ертіп шыққан. Сол кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері жүрген.  

Нұрай Серікбайдың қазасы

Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары кешке 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталды.

Шерхан Аймаханға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған:

  • 125-1-бап – «некеге тұруға мәжбүрлеу»;
  • 115-1-бап – «сталкинг»;
  • 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы  «аса қатыгездікпен адам өлтіру». 

Бұған дейінгі сот отырысында Нұрай Серікбайға қанша рет пышақ сұққаны және бірінші пышақтаған кезі туралы сұраққа жауап бере алмады.

Сондай-ақ оқыңыз