20 жастағы жігіт Есіл өзеніне секіремін деп қаза тапты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
20 жастағы жігіт Есіл өзеніне секіремін деп қаза тапты / Фото: Shutterstock

Жігіттің денесін ақмолалық сүңгуірлер қайғылы оқиға болған жерден 200-250 метр қашықтықта тапты. Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 30 шілдеде Есіл ауданында, Есіл өзенінде болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, демалысқа келген СҚО-ның 20 жастағы тұрғыны суға секіру кезінде басымен су астындағы тасқа соғылған.

Қаза тапқан адамның денесін іздеу жұмыстары 31 шілдеде аяқталды. Ссүңгуірлер оны қайғылы оқиға болған жерден 200-250 метр қашықтықта судан алып шықты.

«Есіл ауданының су қоймасында Солтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғынының қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қаза тапқан адамның денесі табылып, шұғыл қызмет қызметкерлерімен судан шығарылды. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр», – деп толықтырды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыған дейін шомылу маусымы басталған 1 маусымнан бері Қазақстанда 102 адам суға батып қаза тапқанын жазған едік. Оның 34-і – кәмелетке толмаған.

Сондай-ақ оқыңыз