Ақмола облысының алты ауданында құрғақ шөп өртенді

Өрт сөндірушілер Ақмола облысының алты ауданында, сондай-ақ, Степногорск қаласында құрғақ шөптің жануын сөндірді. Өрттің жалпы аумағы 69 гектардан астам жерді құрады.
Облыстық ТЖД хабарлауынша, күн ішінде Жақсы, Ерейментау, Целиноград, Шортанды, Атбасар, Ақкөл аудандарында, сондай-ақ, Степногорск қаласында құрғақ шөптің жануы тіркелген.
«ТЖД бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, Новокубанское, Запорожье, Шалқар ауылдарының «Ауыл құтқарушылары» бөлімшелерінің, «Мейрамов» ШҚ, «Опас» ЖШС МӨҚҚ-ның жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің барлық ошақтары жойылды. Елді мекендерге қауіп төнуіне жол берілмеді. Өрт шалған жалпы аумақ 69 гектардан астам жерді құрады», – делінген ТЖД хабарламасында.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз пайдалану жағдайлары себеп болуы мүмкін.
Құтқарушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.