Алматы облысында тауға шыққан екі бала адасып кеткен (видео)
Жарияланды

Алматы облысында тауға шыққан екі бала адасып кеткен. Төтенше жағдай қызметкерлері қос жасөспірімді тауып, аман-есен дәрігерлерге табыстады.
Екі бала Қарасай ауданындағы «Молодая Гвардия» шыңы маңында серуенге шығып, қайтар жолда адасып кеткен.
Олармен байланыс болмай, геолокация арқылы орналасқан жерін анықтай алмаған. Іздеу жұмыстарына ҚР ТЖМ «Барыс» РҚҚ құтқарушылары дереу аттанып, түнде де іздеген.
Құтқарушылар жасөспірімдер баруы мүмкін аймақты тексеріп шыққан. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде жасөспірімдер биік таулы көлдердің бірінің маңындағы үйшіктен табылды.
Бұған дейін Іле Алатауында жарақат алған екі ресейлік альпинист құтқарылған.