«Канелодан» кейін»: Жәнібек Әлімханұлының жаңа салмақтағы рейтингі белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Жәнібек Әлімханұлы допинг
Жәнібек Әлімханұлы / Фото: Instagram

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) ресми түрде супер орта салмаққа (76,2 келі / 168 lbs) өтіп, жаңа дивизионның WBO рейтингінде бірден 2-ші орынға жайғасты.

WBO рейтингі

Жаңартылған WBO рейтингінің көш басында бокс әлемінің басты жұлдыздарының бірі орныққан:

  • Чемпион: Хамза Шираз (Ұлыбритания)
  • 1-орын: Сауль «Канело» Альварес (Мексика)
  • 2-орын: Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)
  • 3-орын: Диего Пачеко (АҚШ)
  • 4-орын: Якоб Банк (Дания)

Рейтингте бірден екінші орынға шығу Жәнібектің жаңа салмақта да міндетті үміткер мәртебесін тез арада алып, титулдық жекпе-жекке қол жеткізу мүмкіндігі өте жоғары екенін көрсетеді.

Супер орта салмақтың басты чемпиондары мен әлеуетті қарсыластар

Жәнібек Әлімханұлы бағындыруды көздеген 76,2 келі салмақтағы негізгі белбеу иелері:

  • WBC: Кристиан Мбили (Франция, 29-0-1, 24 KO)
  • WBA: Хайме Мунгия (Мексика, 46-2, 35 KO)
  • WBO: Хамза Шираз (Ұлыбритания, 24-0-1, 19 KO)
  • IBF: Ослейс Иглесиас (Куба, 15-0, 14 KO)

Қазан айында Сауль Альварес Кристиан Мбилимен жұдырықтасады. Алдағы уақытта Жәнібек пен Канело арасындағы жекпе-жекті де көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO әлем чемпионы белбеуінен бас тартып, жаңа салмақ дәрежесіне ауысқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз