Халық банк пен коллекторларға қатысты шағым көп түсе бастаған

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Банктердің қызметіне шағым көптеп түсе бастаған / Фото: shutterstock

2026 жылдың маусым айында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне азаматтар мен түрлі компаниялардан 16,4 мың өтініш түскен. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 24,2%-ға артық. Шағымның басым бөлігі бөлігі банктер (47,9%), микроқаржы ұйымдары (34,4%) мен коллекторлық агенттіктердің (9,1%) үстінен түскен.

Тұрғындар негізінен несие қарызын реттеу (45%), заңды түсіндіру (15%) және түрлі мәселелер бойынша кеңес алу (11%) үшін жүгінген.

Нәтижесінде агенттік қаржы нарығының өкілдеріне 20 ұсынымдық шара қолданды, 6 жазбаша нұсқама берді және 22 хаттама бойынша жалпы сомасы 9,6 млн теңгеге 24 әкімшілік айыппұл салды.

Соның ішінде банктерге 1 нұсқама, 7 ұсынымдық шара мен 3 айыппұл, МҚҰ-ларға 1 нұсқама, сақтандыру компанияларына 13 ұсынымдық шара мен 20 айыппұл, ал коллекторларға 4 нұсқама мен 1 айыппұл салынған.

Сонымен қатар елде халықтың жалғыз баспанасын сақтап қалуға бағытталған ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасы жалғасып жатыр.

1 шілдедегі мәлімет бойынша, 2004–2020 жылдары алған 33,3 мың ипотекалық заем 214 млрд теңгеге қайта қаржыландырылды. Сондай-ақ 2016 жылға дейін берілген 114,4 млрд теңгенің 16,2 мың валюталық ипотекасы теңгеге ауыстырылған.

Бұған дейін бірқатар банктер қаржы заңнамасы талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл арқалаған.

Сондай-ақ оқыңыз