Астана маңындағы күнбағыс алқабына баратындарға ескерту жасалды

Астана маңындағы күнбағыс алқабында фотоға түсуге тоқтағандарға айыппұл салынуы мүмкін. Ақмола облысының полициясы осындай ескерту жасады.
Полицияның хабарлауынша, Астана – Щучинск ақылы автожолы бойындағы күнбағыс алқабына барушылар көбейген. Кей жүргізуші жол белгілері мен жол таңбаларына қарамастан, көліктерін автобан бойында тоқтатып, фотосессия ұйымдастырып жатыр.
Бұл жоғары жылдамдықпен жүретін жол учаскесі болғандықтан, мұнда тоқтауға қатаң тыйым салынған. Аумақта «Тоқтауға тыйым салынады» деген белгі де орнатылған.
Күнбағыс алқабы маңында ережені бұзған 25-ке жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, Алматыда Көктөбе саябағы аумағында 4 гектар жерді көгалдандыру жұмыстары аяқталып, серуендеуге арналған тағы бір саябақ ашылды.