«Қайрат» «Левскиден» өткен жағдайда кіммен ойнайтыны белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
"Қайрат" футбол клубы
фото: «Қайрат» ФК

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде болгариялық «Левскиден» өтсе, плей-оффта Грекия чемпионы АЕК-пен кездеседі.

Еуропаның басты клубтық турнирінің плей-офф кезеңіне шығу үшін алматылық ұжым әуелі болгариялық қарсыласынан басым түсуге тиіс. Осы межеден сәтті өткен жағдайда грекиялық клубпен екі кездесу өткізеді.

Алғашқы матч 18 немесе 19 тамыз күні Алматыда, ал қарымта кездесу 25–26 тамыз Грекия астанасы Афинада өтеді деп жоспарларған. Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне тікелей жолдама алады.

Айта кетейік, «Қайрат» 4 тамыз күні алдымен Болгарияның астанасы Софияда жергілікті «Левски» командасымен ойнайса, 11 тамыз күні Түркістанда қарымта кездесу өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыз