Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз ауыр жарақат алды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз ауыр жарақат алды
Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз ауыр жарақат алды / Фото: shutterstock

Қонаев гарнизонындағы әскери бөлім ғимаратының төртінші қабатынан құлаған 2006 жылғы мерзімді қызметтегі әскери қызметші реанимацияға түсті.

Десанттық-шабуылдау әскерлері мәліметінше, жас жігіттің бірнеше қабырғасы сынған, өкпесі, бүйрегі мен қуығы зақымданған. Оның қазіргі жағдайы мен оқиғаның мән-жайы ресми түрде әлі хабарланған жоқ.

Сарбаздың жақындары оның үйімен үнемі байланыста болғанын, қызмет ету жағдайына немесе денсаулығына ешқашан шағымданбағанын айтады. Оқиғадан сәл бұрын ата-анасы ұлына барып қайтқан және олардың сөзінше, жас жігіттің көңіл-күйі де, жағдайы да жақсы болған.

Сарбаздың туыстары оның терезеден өзі құлауы мүмкін екеніне сенбейді. Олар бейнебақылау камераларының жазбаларын көрсетуді және оқиға бойынша әділ әрі объективті тергеу жүргізуді талап етіп отыр.

Осы жылы қаңтарда Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қайтыс болды. Ресми дерек бойынша, ол қарауылда тұрғанда өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Алынған жарақаттан сол жерде көз жұмады.

Сондай-ақ оқыңыз