Мәдина–Алматы ұшағында жолаушының денсаулығы нашарлап, Оманға қонды
Жарияланды

Мәдинадан Алматыға ұшып бара жатқан Scat әуе компаниясының ұшағы жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлауына байланысты Оманға қонды, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Борт 2 тамызда ұшып шыққан. Ұшу кезінде жолаушылардың бірі өзін нашар сезінген.
«Бортта оған қажетті көмек көрсетілді, алайда әрі қарай медициналық сүйемелдеумен қамтамасыз ету үшін әуе кемесінің командирі Омандағы қосалқы аэродромға қону туралы шешім қабылдады. Қонғаннан кейін жолаушы медициналық қызметке тапсырылды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев Sсаt әуекомпаниясының қызметіне көңілі толмайтынын білдірген еді.