Екібастұз-Павлодар тасжолында жол апатынан алты бала зардап шекті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
жол апаты
Екібастұз-Павлодар тасжолында жол апатынан алты бала зардап шекті / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Екібастұз-Павлодар тасжолындағы жол-көлік оқиғасынан тоғыз адам, соның ішінде алты бала зардап шекті.

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының ақпаратына сүйенетін болсақ, жүргізуші рөлге ие бола алмай, соның салдарынан автокөлік кюветке аударылып кеткен.

«Оқиға орнына жедел жәрдемнің үш бригадасы шықты. Жол-көлік оқиғасынан тоғыз адам зардап шекті, олардың арасында алты кәмелетке толмаған бала бар», – деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.

Екібастұз қалалық ауруханасына екі ересек адам, екі ұл және төрт қыз бала жеткізілді.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда «Гелендваген» мен Suzuki көліктері соғысып, екі адам қаза тапқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз