Еуропадағы орман өртінен 3 млрд еуро шығын келген

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Түркиядағы орман өрті / Фото: Anadolu

Еуропадағы аптап ыстықтан болған орман өртінен 3,1 млрд еуро шығын келген. Мұны Financial Times сарапшылары есептеп шығарды.

Басылым мәліметінше, негізінен Франция, Испания, Португалия, Грекия мен Румыния елдері зардап шеккен. Жаз басталғалы бері 500 мың гектар орман мен басқа да учаскелер отқа оранған. Ол аумақтарды қалпына келтіру құны 3,1 млрд еуродан асып кетті. Бұл сома ЕуроОдақтағы жалпы орман өртінен келетін жылдық орташа шығыннан да көп. Еуропалық комиссия оны 2,5 млрд еуро деп бағалаған.

Францияда орман өртінің салдарынан елдегі қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар жұмысын тоқтатты. Оның ішінде Safran, Dassault Aviation және ArianeGroup тәрізді зауыттар бар. Франция оңтүстік-батысындағы Жиронда Сауда-өнеркәсіп палатасының мәліметінше, 40 мыңнан аса нысан зардап шеккен, олардың жартысына жуығы уақытша жабылған.

Испаниядағы өрт те кәсіпорындар мен 18,5 мың гектардан аса ауыл шаруашылық жерлері мен жайылым аумақтарына зиян келтірді. Қарапайым азаматтардың тұрғын үйлері мен көліктеріне де залал келген.

Грекиядағы жағдай да қиын. Өрт 12 мың гектар орманды құртты, қазір тұрғындарды жаппай эвакуациялап жатыр. Тіпті жалынды сөндіру кезінде екі тікұшақ соқтығысып, апат болды.

Орман өрті Қазақстанда да болып жатыр. 3 тамыздағы дерек бойынша, Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыз