Мұнай бағасы қайта көтеріле бастады

Мұнай нарығы күрт құлдыраудан кейін қайта жанданды. 4 тамыздағы саудада Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,3%-ға өсіп, барреліне 84,89 долларға жетті. Ал америкалық WTI мұнайы 1%-ға қымбаттап, 81,11 доллардан сатылды.
Бағаның көтерілуіне Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты белгісіздік әсер етті. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер жүргізіліп жатқанын және әскери әрекеттер уақытша тоқтатылғанын мәлімдеген. Алайда Иран тарапы мұндай келіссөздердің жүріп жатқанын жоққа шығарды. Соның салдарынан инвесторлардың қақтығыс қайта күшеюі мүмкін деген алаңдаушылығы артты.
Бір күн бұрын дипломатиялық келісімге қол жеткізілуі мүмкін деген үмітпен мұнай бағасы шамамен 7%-ға құлдырап, үш апталық минимумға түскен еді. Нарыққа ОПЕК+ ұйымының қыркүйекте өндірісті тәулігіне 188 мың баррельге арттыру жоспары да қысым түсірді.