29%-ға дейін кэшбек: ең жоғары бонусты қай банктен алуға болады

Картасымен коммуналдық қызмет, жанар-жағармай немесе азық-түлік ақысын төлегенде кэшбек беретін банктер саны артып жатыр. Тұрақты түрде банк картасымен төлем жасасаңыз, бір айда жұмсаған ақшаңыздың 5-10%-ын қайтарып алуға болады. «Тиімді Қазақстан» телеграм арнасы тамызда 20%-ға дейін кэшбек беретін ең тиімді бонус бағдарламасын жинақтап ұсынды.
Коммуналдық қызметтер:
Төмендегі банктермен коммуналдық қызметті төлегенде 10%-ға дейін кэшбек алуға болады.
- «БанкЦентрКредит» жалақы жобасын пайдаланатын тұтынушылар коммуналдық қызмет төлегенде 10% кэшбек беріледі.
- Ал Forte жалақы жобасының тұтынушылары және Solo карта иелері коммуналдық қызмет төлемі үшін 5%
- Home Credit Bank қосымшасындағы Arna, Aspan, Home Card Lite карталары үшін – 5%
- Bereke, «B-Bank-тегі төлемдер» санатындағы клиенттер – 5% кэшбек алады.
Ойын-сауық:
Бұл санаттағы ең ірі кэшбек беретін – Freedom банк. Банктің SuperApp қосымшасындағы афиша қызметін пайдаланғандарға 15%-ға дейін кэшбек береді. Ал Freedom Media-да 12%-ға дейін бонус бар.
- Alatau City Bank онлайн кино және музыка үшін 15%
- Forte банк ойын-сауық, саябақ, циркке барғаныңыз үшін 7%, киноға 5%
- Еуразиялық банк кино, концерттер, театрлар, аттракциондарға 5%-ға дейін кэшбек береді.
Тамақ және азық-түлік
Бұл санатта да ең жоғары кэшбэкті Freedom Bank ұсынып отыр. Банктің қосымшасы арқылы Arbuz қызметімен азық-түлікке тапсырыс бергендерге 25%-ға дейін кэшбэк қайтарылады. Freedom қосымшасындағы «Тағам» бөлімін пайдаланған Өскемен, Ақтау және Қостанай тұрғындары 20%-ға дейін бонус ала алады.
- Forte Bank: Дәмханалар мен мейрамханалар үшін 5%, ал Яндекс Плюс Forte картасымен Яндекс Go (Тағам бөлімі) тапсырыстарына 5%-ға дейін кэшбэк береді.
- Bereke Bank және БЦК: Дәмханалар мен мейрамханаларға 4% (жеке ұсыныс бойынша) қайтарады.
- Alatau City Bank: Мейрамханалар мен дәмханаларға 3% бонус қарастырған.
Сапарлар мен саяхат
Жол жүру және қоғамдық көлік санаты бойынша ең жоғары ұсыныс -Activ абоненттерінде. «Отбасылық» тарифін қолданушылар Onay, Avtobys, Tulpar card және CTS карталарын баланс арқылы толтырса, 100% кэшбэк алады. Такси қызметінде ең ірі бонус – Forte Bank-тің Яндекс Плюс картасында (20%-ға дейін), ал туристік сапарлар бойынша Halyk Bank-тің Halyk Travel қызметінде (15%-ға дейін, 4 тамызға дейін).
Басқа банктердің ұсыныстары:
- Freedom Bank: Қосымша арқылы ұшақ пен пойыз билеттерін, турларды сатып алғандарға 10%-ға дейін кэшбэк береді.
- Alatau City Bank таксиге 7%, ал әуе билеттері мен турагенттіктерге 3% ұсынады.
- Forte, Nurbank, Home Credit Bank (Arna картасы): Такси қызметі үшін 5% қайтарады.
- Bereke Bank: Әуе билеттері мен туроператорларға 4% (жеке ұсыныспен).
- Home Credit Bank: Arna картасымен QazAvtoJol төлемдеріне 1% кэшбэк береді.
Көлік және автоәуесқойлар
Автокөлік иелері үшін ең үлкен кэшбэкті КАСКО сақтандыруы бойынша 29%-ға дейін ұсынып отырған – Freedom Bank. Сондай-ақ, банк Freedom Drive арқылы шина сатып алғандарға 15%-ға дейін, ал ОГПО сақтандыруына 4%-ға дейін бонус қайтарады. ОГПО бойынша ең ірі бонус автокарта иелерінде (15%-ға дейін).
Жанармай құю бекеттеріндегі тиімді ұсыныстар:
- БЦК (жеке ұсыныспен) және Alatau City Bank (жалақы жобасының клиенттері үшін) 5% кэшбэк береді.
- Forte Bank: Жалақы жобасының клиенттеріне және Solo картасы барларға 3% қайтарады.
Оқи отырыңыз: Freedom Bank-тен алған кешбэк үшін салық төлеу керек пе?