US Open 2026: Александр Бублик пен Винус Уильямс миксте бірге ойнайды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Александр Бублик пен Винус Уильямс
Екі теннисші бір күнде туған / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Теннистен АҚШ ашық біріншілігінде (US Open) Қазақстанның екі теннисшісі микст санатында ойнайды. Елена Рыбакина америкалық Тейлор Фрицпен жұптасса, Александр Бублик әйгілі Винус Уильямспен бірге ойнайды.

Үлкен дулығы турнирін ұйымдастырушылар дүйсенбі күні жұлдызды жұптар тізімін жариялады. Оған Қазақстанның ең мықты екі теннисшісі енді.

Рыбакина/Фриц жұбы биыл да бірге ойнауға келісті. Олар былтыр алғашқы раундта турнир чемпиондары – Сара Эррани мен Андреа Вавассориге есе жіберген.

Ал енді Бублик/Уильямс жұбы турнирдің нағыз сенсациясына айналып отыр. 46 жастағы Винус қазақстандық теннисшіден 17 жас үлкен. Бір қызығы, екеуі де бір күнде – 17 маусымда дүниеге келген. Миксте бірге ойнау туралы ұсынысты кім бірінші жасағаны әзірге белгісіз.

Жұлдызды жұптар чемпионаты 24 тамызда басталып, үш күнге созылады. Матчар USTA Billie Jean King ұлттық теннис орталығында, Grandstand және Louis Armstrong стадиондарында өтеді. Көрермендер ойынды тегін тамашалай алады.

Микстке барлығы 32 дуэт қатысады. Басқа да жұлдызды жұптар:

  • Арина Сабаленка және Новак Джокович;
  • Ига Швентек және Каспер Рууд;
  • Сара Эррани және Вавассори;
  • Наоми Осака және Кеи Нишикори;
  • Элина Свитолина және Гаэль Монфильс.

Биыл US Open 23 тамызда басталып, 13 қыркүйекте аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыз