Ақтөбеде құжаттарды қоқысқа тастаған аурухана қызметкерлері жауапқа тартылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
полиция
Ақтөбеде құжаттарды қоқысқа тастаған аурухана қызметкерлері жауапқа тартылды / Фото: polisia.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Ақтөбеде медициналық мекеме қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Даладағы заңсыз қоқыс орны туралы әлеуметтік желіде жергілікті тұрғын хабарлаған. Жарияланған кадрларда қала сыртында қоқыс төгіліп жатқанын көруге болады.

«Құрылыс қалдықтарының арасынан Ақтөбедегі медициналық мекемелердің біріне тиесілі қызметтік құжаттар, оның ішінде бірнеше есепке алу журналы табылды. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері дереу тексеру іс-шараларын ұйымдастырды. Нәтижесінде елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын жергілікті аурухананың жауапты тұлғалары бұзғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары жауапты тұлғаларға қатысты хаттама толтырды. Аурухана заңсыз қоқыс орнын жойды.

Сондай-ақ оқыңыз