Тоқаев Пашинянды қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаев Пашинянды қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтады / фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Арменияның Премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтап, армян халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Құттықтауы үшін алғыс айтқан Никол Пашинян Президентке және Қазақстан халқына Құрылтай сайлауын табысты өткізуді тіледі.

Олар қазақ-армян қатынастарының дамуындағы оң серпінді қанағаттанушылықпен атап өтіп, екі ел арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін растады.

Өткен жылдың қараша айында Армения Үкіметі басшысының Астанаға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді қоса алғанда, уағдаластықтардың іске асырылу барысы талқыланды.

Сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Еске салайық, Армения Президенті Ваагн Хачатурян жаңа шақырылымдағы парламент өз жұмысын бастағаннан кейін Никол Пашинянды елдің Премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. 2 тамызда Арменияда 7 маусымда өткен парламенттік сайлау қорытындысы бойынша жасақталған жаңа шақырылымдағы парламенттің алғашқы сессиясы өз жұмысын бастады.

Сондай-ақ оқыңыз