Шәуілдірде тіркелген ломбард иесіне 700 млн теңгеге жуық дивиденд төлейді

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Ломбард қанша дививденд төлейтінін жариялады / Фото: kursiv.media архтиві

Түркістан облысы Шәуілдір ауылында тіркелген «GoldFinMarket» ломбарды иесіне 700 млн теңгеге жуық дивиденд төлейді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған хабарламада жазылған.

Хабарламаға сәйкес, ломбард 2025-2026 жыл аралығындағы 696 млн теңге таза пайда алған. Ұйымның жалғыз акционері бүкіл таза пайданы өзіне дивиденд ретінде төлеуді ұйғарған.

Былтыр ломбард таза пайдасын үш есе өсірген. Аудиторлық есебіне сәйкес, 2024 жылы ломбард 232 млн теңге табыс тапса, былтыр көрсеткіш 696 млн теңгеге жеткен. Мекеменің өзі 2023 жылы құрылған.

Ломбард «GoldFinMarket» микроқажы ұйымы» ЖШС-на тиесілі. Ал түпкі иелері: Ақгүл Байдосова, Гүлжан Мұқан мен Патима Мамырбек.

Нарықтағы ломбардтардың үш айдағы таза пайдасы 55 млрд теңгеге жуықтады.

Сондай-ақ оқыңыз