Әйелдер бизнесін бақылайтын ұлттық платформа іске қосылды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әйел кәсіпкерлерді қаржыландыруды мониторингілеуге арналған ұлттық аналитикалық платформаны іске қосты. Жоба Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп әзірленген.

Бағдарламаның басты мақсатының бірі – әйелдер бизнесін қаржыландыруды жеңілдету. Ол үшін арнайы деректер жиналып талданады, ал ол дұрыс әрі сапалы шешім қабылдауға көмектеседі.

Сондай-ақ әйелдер көбінде қандай бизнеспен айналысатынын анықтайтын арнайы әдістеме жасап шықты. Ол әйелдердің несие алу деңгейі мен бизнеске қатысуына қатысты толық картина қалыптастыруға жол ашпақ.

Платформаның қызметі қандай?

Жаңа платформа банктер мен микроқаржы ұйымдарының әйелдер бизнесіне беретін несиелерін толық қадағалап отырады. Ол шағын, орта және ірі бизнестің несиелік көрсеткіштерін қамтиды.

Платформа арқылы:

  • Несиелердің сапасы мен жалпы көлемін;
  • Қаржының қай салаға және қай өңірге көбірек бөлініп жатқанын;
  • Кәсіпкерлердің демографиялық (жасы, орналасқан жері т.б.) деректерін көруге болады.

Жүйе wefikazakhstan.com сайтында орналасқан.

Агенттік өкілдерінің түсіндіруінше, платформаның іске қосылуы әйелдер бизнесін қаржыландыру ақпаратын ашық етіп, мемлекеттік шешім қабылдауда нақты фактілерге сүйенуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Күнекей Нұрлан: Кәсіпкер боламын деген әйел алдымен денсаулығынан бастау қажет

Сондай-ақ оқыңыз