50%-ға дейін жеңілдік: оқу құралдарын қай жерден арзанға алуға болады

Тамыз – әдеттегідей мектеп алдындағы қарбалас кезең. Балалардың оқу құралдарын, мектепке керек-жарағын түгендеу үшін шаршап, базар аралау міндетті емес. Ірі маркетплейстерде кеңсе тауарларына үлкен жеңілдіктер жүріп жатыр, әлдеқайда арзанға таба аласыз. Кейбірі үйіңізге дейін жеткізіп береді. Назарларыңызға оқу құралдарын арзанға алуға болатын сауда орындарын ұсынамыз.
Сапалы арзан сөмкелер
Оқушыға ең керек дүние – сапалы сөмке. Жақсысын алсаңыз, екі маусым ұстауға болады. Отандық Olja Peak бренді балаларға және жасөспірімдерге арналған сапалы әрі бағасы тиімді сөмкелер ұсынады. Marwin дүкенінде 1-4 сыныпқа арналған Olja Peak сөмкелеріне 32%, 47%-ға дейін жеңілдік жүріп жатыр. Отандық брендтің өнімдерін 5950 – 8760 теңгеге табуға болады.
Бұдан бөлек Grizzly, Expert Mini, Lego тәрізді брендтердің эргономикалық (баланың дене бітіміне лайықталып жасалған – ред.) сөмкелері де бар. Бағалары 30-50 мың теңге аралығында. Бірақ Marwin кейбіріне 18%-ға дейін жеңілдік берген. Ал кей сөмкеге 2000-3000 теңгеге дейін кэшбек береді. Sun Eight брендінің жасөспірімдерге арналған сөмкелері 14 990 теңгеден сатылып жатыр.
«Детский мирда» оқушылар сөмкесі мен рюкзактарға 20-40%-ға дейін жеңілдік бар. Бастауыш сынып оқушылары үшін 9-10 мың теңге аралығында Erhaft брендінің сапалы сөмкелерін табуға болады. Аяқ киім, дене шынықтыру киімін салу үшін 1500-2000 теңгеге қосымша жеңіл шопперлер ала аласыз. Әр тауардың рейтингі бар, пікірлер жазылған. Алматыда тұрсаңыз, үйге дейін тапсырыспен алуға болады.
Flip.kz дүкенінде аяқ киім салатын дорбаларды 25% жеңілдікпен, 700-1200 теңгеге сатып ала аласыз. Айта кету керек, жеткізу тегін, тек 10-15 күн күтуіңіз қажет.
Дәптерлер
Дәптер іздесеңіз, Abdi.kz-тен бастауға болады. Бастауыш сыныптарға арналған тор көз дәптерлер 25-30 теңгеден, ал жіңішке сызықты, кең сызықты дәптерлер 40 теңгеден тұр. Мұқабасы қалың дәптерлер 55 теңгеден. 48, 96 беттік қалың дәптерлер 495 теңгеден басталады.
Егер үйде бірнеше оқушы болса, топтастырып алып қойыңыз. Kaspi дүкенінде 100 дана жіңішке сызықты дәптерді 3700 теңгеге ( әр данасы 37 теңгеден айналады/ бонуспен 3115 теңге), 50 дана тор көз дәптерді 1651 теңгеге (әр данасы 33 теңгеден айналады) сатып алуға болады.
Қаламсап, қарындаштар
Abdi-де ең қарапайым көк, қара сиялы қаламсаптар 10-20 теңгеден басталады. Гель қаламсаптар 55 теңгеден сатылып жатыр. Ал баланың жұмыс үстелі үшін бекітілетін қаламсапты 355 теңгеге алуға болады. Қарапайым сурет салуға арналған қарындаштар 35 теңгеден, ал өшіргіштер 60-80 теңгеден басталады.
«Детский мирде» Erhaft-тың 4 дана қаламсабын 149 теңгеге (жеңілдік 42%), ал өшіргіші бар 3 дана қаламсапты 999 теңгеге (жеңілдік 32%) алуға мүмкіндік бар.
Қарындаш, қаламсап пен өшіргіштерді салатын пеналдарды Flip.kz-тен жақсы жеңілдікпен сатып алуға болады. Мәселен, Британ академиясының стиліндегі Ocsford пеналы 2600 теңгеге (55% жеңілдікпен), Special пеналы 1890 (46% жеңілдікпен) теңгеден тұр. Өзге пеналдарға 22-44% жеңілдіктер бар. Abdi-де бастауыш пеналдары 990, 1000 теңгеден сатылып жатыр.
Егер бұл пеналдар қымбат болса, Kaspi дүкенінен жұқа, маталы пеналдарды 300-500 теңгеден таба аласыз.
Сурет салуға арналған құралдар
Бастауыш сынып оқушылары үшін сурет салуға арналған құралдар, ермексаз болуы міндетті. Қазір Abdi-де түсті қарындаштарға жақсы жеңілдік бар. 6 түсті қарындашты 300 теңгеге, 12 түсті қарындаштарды 900 теңгеге алуға болады.
«Детский мирда» тиімді жеңілдіктер ұсынады. 50 түсті қарындашты 3100 теңгеге (56% жеңілдікпен), 24 түсті қарындашты 30% жеңілдікпен сатып ала аласыз.
Flip.kz дүкенін де тиімді бағамен ермексаз, сурет салуға арналған альбомдар сатып алуға мүмкіндік бар.
Қандай маркетплейс таңдасаңыз да, мектеп науқаны қарсаңында сапалы тауарды арзан бағамен сатып алуға болатынын мүмкіндік бар екенін ескеріңіз. Оқу құралдары маусымдық тауардың бірі болғандықтан, жеңілдікпен көбірек зат алуға болады.
Мәселен, Kaspi дүкенінде «Арзандатылған тауарлар» деген бөлім бар. Сол жерде 500 дана ақ қағазды 2290 теңгеге (77% жеңілдікпен), қойын дәптерді 1700 теңгеге (10% жеңілдікпен) алуға болады. Желім, сызғыш тәрізді тауарларды 20% жеңілдік шығарып қойған.
Flip.kz мектеп формалары, мектепке арналған киімдерге 70% жеңілдік жариялаған. Айта кетерлігі, бұл маркетплейстен «Алматыкітап» тауарларын, оқу құралдарын, арнайы дәптерлерді арзан бағада алуға болады.
Дәл солай «Детский мир» дүкенінде балаларға арналған тауарларға 20-70% жеңілдіктер бар.
Оқи отырыңыз: Мектеп формасын белгілі бір брендтен сатып алуға міндеттеу – заңсыз