Қазақстанның экономикалық еркіндігі әлемде алғашқы жүздікке іліге алмады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Металл конструкцияcы мен бетон өндіретін «Almaty W. S.» зауыты
Қазақстанда білім жоғары болғанымен, еркіндік жоқ / фото: gov.kz

Әлем елдерінің өркендеу индексінде Қазақстан 66-орында тұр. Legatum Institut дайындаған рейтингте 161 ел қамтылған.

Бір жылдың ішінде республика бір сатыға көтерілген. 2024 жылы ағылшын институты Қазақстанды 67-орынға қойған.

Бұрынғы КСРО елдері ішінде, Балтық елдерін қоспағанда, Қазақстан Грузия (42) мен Армениядан (43) кейін тұр. Дегенмен Қырғызстан (87), Өзбекстан (94), Ресей (103), Әзербайжан (105), Тәжікстан (129) және Беларусь (132) елдерінің көрсеткіштері Қазақстаннан төмен.

Рейтингіде елдің дамуы, еркіндігі мен халықтың жағдайы ескеріледі. Олардың әрқайсысы төрт санатқа бөлінеді.

Мысалы, Қазақстан материалдық жағдайы жөнінен 52-орында, ал білім деңгейі бойынша 32-орында тұр. Алайда ойлау еркіндігі 124, экономикалық еркіндік 117-орында қалды.

Сондай-ақ оқыңыз