Түркістан облысында 30 млрд долларға жаңа индустриялық аймақ салынады

Түркістан облысында шетелдік инвесторлардың қатысуымен жаңа индустриялық аймақ салу жоспарланып отыр. Жобаға шамамен 30 млн доллар инвестиция салынады.
Өңір басшысы Нұралхан Көшеров шетелдік құрылыс компаниясының директоры Сюй Минмен кездесіп, өңірде жаңа индустриялық аймақ құру жұмыстарын жеделдетуге бағытталған бірлескен жобаларды талқылады.
Компания өкілдері индустриялық аймақты, өндірістік корпустарды, жеке өндірістік нысандарды, әкімшілік-тұрмыстық және сервистік орталықтарды, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды салу жөніндегі ұсыныстарын таныстырды.
Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда шамамен 42 кәсіпорын ашылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар Орталық Азиядағы өнеркәсіптік кооперацияны, трансшекаралық сауданы, логистиканы дамыту, сондай-ақ импорт көлемін ұлғайту және өндірісті дамыту жұмыстары жолға қойылады.
Әкімдік мердігер компанияның автомобиль желілерін, инженерлік коммуникациялар мен металл конструкцияларын салуда, құрылыс материалдарын импорттау және экспорттау, сондай-ақ әрлеу жұмыстарын жүргізуде бай тәжірибесі бар екенін атап өтті.
Бұған дейін Алматы облысында Formula-1 H2O жарысына арналған катерлер шығаратын зауыт салынатыны белгілі болды.