Қостанайда тротуармен жүрген жүргізуші жазаланды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қостанайда тротуармен жүрген жүргізуші жазаланды / Фото: Полиция

Қостанай облысында тротуармен жүріп өткен жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі тіркелген видеожазбасы бар өтініш полицияға қала тұрғындарынан түскен.

«Автокөлік жүргізушісі ЖҚЕ талаптарын елемей, тротуармен жүріп өтіп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндірді. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері дереу тексеру жүргізді. Жүргізушінің жеке басы анықталып, құқық бұзушы ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары тротуар тек жаяу жүргіншілерге арналғанын еске салды. Онда көліктердің жүруі адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіреді.

Айта кетейік, жол апатының санын азайтуға ықпал еткен жолдың бірі – жалпы ұзындығы 2,3 мың шақырым ақылы жол учаскелерінде енгізілген орташа жылдамдықты бақылау жүйесі. Бұл осы жолдарда жол апатының санын 17%-ға төмендетуге мүмкіндік берген

Сондай-ақ оқыңыз