Қазақстандықтардың атынан кредит алған қылмыстық топ сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақстандықтардың атынан кредит алған қылмыстық топ сотталды / Фото: Shutterstock

Ақмола облысында бөгде адамдардың атына олардың хабарынсыз кредит рәсімдеген қылмыстық топтың 21 қатысушысына үкім шықты.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, алаяқтар қазақстандықтардың дербес деректеріне алдау арқылы қол жеткізіп, олардың атына екінші деңгейдегі банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер рәсімдеген. Нәтижесінде зардап шегушілерге және қаржы ұйымдарына ге жуық 2 млрд теңге зиян келтірілді.

«5 тамызда Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты барлық 21 айыпталушыны кінәлі деп тапты. Әрқайсысының атқарған рөліне байланысты олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлады прокуратура.

Бұдан бөлек, сот қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеуге қаулы етті. Оның ішінде: Алматыдағы пәтерлер, сондай-ақ Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200, Toyota Camry автокөліктері және басқа да көлік құралдары бар.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбеде полиция интернет-алаяқтар ұрлаған ақшаны кейін қолма-қол ақшаға айналдыру үшін банк карталарын сатып алды деген күдікпен ер адамды ұстаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз