Шымкент зообағында сирек кездесетін көк арқар төлдеді

Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағында Қызыл кітапқа енген көк арқар төлдеді. Оның атын Тұмар деп қойды.
Көк арқар немесе қошқар (Pseudois) негізінен Тибет пен Гималайдың биік таулы аймақтарын мекемендейді.
Саны сирек бара жатқандықтан Қызыл кітапқа енгізілген жануар 12 шілдеде хайуанаттар бағында төлдеді. Хайуанаттар бағының қызметкерлері бұны айрықша оқиғаға балады.
Мәліметтерге қарағанда, жаңа туған төлдің жағдайы жақсы. Тұмар анасынан бір елі қалмайды, жем-шөпті жақсы жейді. Оның жағдайын мамандар бақылап отыр.
«Осындай қуанышты оқиғалар сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу үмітін нығайта түседі», – деп есептейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Алматы зообағында Фидель атты қолтырауын 40 жасқа толған.