Калифарния мен ИК-ның әніне билеген африкалық балалардың видеосы желіде таралып жатыр

Жарияланды 6 Тамыз 2026 10:06

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
фото: Morioxkidsofficial

Руандалық биші балалардан құрылған топ ИК мен Калифарнияның әніне билеп, видеоларын желіге жүктеген. Видеоларды жүз мыңдаған адам көріп, мыңдаған пікір қалдырған.

Moriox Kids – Руанда астанасы Кигалиде құрылған шығармашылық топ. Олар коммерциялық емес қайырымдылық қор негізінде құрылған. Бастапқыда африкалық музыкаға би билеген видеоларымен танылды. Кейін түрлі елдердегі танымал хиттерге билейтін болды.

1 тамызда отандық әнші Калифарнияның «Пуэрто-Рико» деп аталатын әніне билеген видеосын жүктеді. Аз уақытта рилсты 500 мыңнан аса адам көріп, 3000 пікір жазылған. Басым көпшілігі қазақ тілінде жазылған. Тіпті видео күрт танымал болып кеткеннен кейін Moriox Kids та қазақша жауап жазды.

Кейінірек ИК-ның «Айдаһар» әніне де би биледі. Қолданушылар балалардың харизмасына риза болып, қимылдары музыкаға дөп түсетінін айтады.

Парақшаларында жазылғандай топ мәдениет пен тіл арқылы өз елін әлемге танытуды көздейді. Кедей отбасындағы талантты балаларға көмектесуді өз миссиясы деп біледі.

Оқи отырыңыз: «Ирина Қайратовна» жасанды интеллект көмегімен жаңа бейнебаян ұсынды

Сондай-ақ оқыңыз