Мұхаммед Салахты Трабзонның әуежайында 25 мың жанкүйер күтіп алды (видео)

Әлемдік футбол жұлдызы Мұхаммед Салах түріктің «Трабзонспор» клубына ауысып, жергілікті жанкүйерлерге футбол мерекесін сыйлады. Әуежайдағы қарсы алу салтанаты әлеуметтік желіде тарап, үлкен ажиотаж тудырды.
«Бұрын мұндайды көрмегенмін…»
Трабзон қаласының әуежайына мысырлық шабуылшыны өз көзімен көру үшін 25 000-нан астам жанкүйер жиналды. Мұндай ыстық ықылас пен ерекше атмосфераны күтпеген Салах әсерін бөлісті:
«Бұрын мұндай нәрсені көріп-білгенім есімде жоқ. Мұнда 25 000 адам жиналыпты, бұл – ақылға сыймайтын көрініс!» – деді ол.
Түркиялық БАҚ-тардың мәліметтінше, Мұхаммед Салах жаңа клубта 2 маусым ішінде 34 млн еуро табыс табады. Сондай-ақ, келісімшартта қосымша 5 млн еуро көлемінде бонус қарастырылған.
Жаңа ұжымда Мохаммед Салах 61-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді. 61 – Трабзон қаласының пошталық және автомобильдік ресми коды. Осылайша, шабуылшы клуб пен қала жанкүйерлеріне деген ерекше құрметін білдірді.