Жаңа Қордай асуында көлік қозғалысы шектеледі

7 тамыздан бастап Жамбыл облысында «Алматы – Тараз» (Жаңа Қордай асуы) автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының хабарлауынша, Жамбыл облысында «Алматы – Тараз» (Жаңа Қордай асуы) автомобиль жолының 159-238 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Осыған байланысты 2026 жылғы 7 тамыздан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Тараз қаласы бағытына қарай көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі», – делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары кезеңінде Алматы қаласынан Тараз қаласына бағыт алған көліктер «Отар – Қордай – Қайнар» (Ескі Қордай асуы) автомобиль жолы арқылы жүре алады.
Компания жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және жол жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақта аса мұқият болуды сұрайды.
Сондай-ақ, «ҚазАвтоЖол» жолаушыларды дәретхана артында қажетін өтемеуге шақырған еді.