Қайсар Қамза елге жеткізілді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
SMM бөлімінің жетекшісі
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды / Фото: Instagram

Халықаралық іздеуге жүрген Қайсар Қамза елге жеткізілді. Бұған дейін блогердің Вьетнам әуежайындағы фотосы тарады. Содан кейін Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екені айтылды.

Блогер елге Камрань — Астана рейсімен жеткізілген. Ұшақ Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында жеткізілгенге дейін ғимарат ішінде құзырлы орган қызметкерлерінің қарасы көбейді.

фото: Дәурен Ерболатов

Сондай-ақ әуежайда халықаралық рейстен түскен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері байқалды. Ал әуежай маңына Ішкі істер министрлігінің қызметтік көліктері қойылған.

фото: Дәурен Ерболатов

Бас прокуратураның хабарлауынша, 2025 жылдың қаңтарында Қамза әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ауқымды аудиторияны пайдалана отырып, сыйақы үшін заңсыз интернет-казино жарнамасын орналастырған және Қазақстан азаматтарын құмар ойындарына қатысуға тартқан.

Интернет-казиноны насихаттағаны үшін оның криптовалюталық әмиянына 200 мың АҚШ доллары түскен.

Жалпы қылмыстық топ қатысушылары 2021 жылдан бастап 2025 жылды қоса есептеген мерзімде Қазақстанда бірнеше заңсыз онлайн-казиноның қызметін ұйымдастырып, төлем терминалдары арқылы 106 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденген.

Қылмыстық топтың 9 сыбайлас қатысушысы қамауға алынған.

Айта кетейік, 2026 жылдың сәуірінде миллионнан астам оқырманы бар блогер Вьетнамда ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыз