Алматыда 20 мың теңгеге Сұлтан Сүлейманмен кездесуге болады
Жарияланды

14 қыркүйекте Алматыда Республика сарайында танымал түрік актері Халит Эргенчпен кездесу өтеді. Сұлтан Сүлейман рөлі арқылы халықаралық танымалдыққа ие болған жұлдызбен кездесу билеттері Ticketon сайтында сатылып жатыр.
Билеттер 20 мың теңгеден басталып, 40 мың, 60 мың, 80 мың теңгеге дейін жетеді. Ал ең алдағы қатардағы вип-орындарды 120 мың теңгеге сатып алуға болады.
Шығармашылық кездесу бір жарым сағатқа созылады деп жоспарланған. Актермен әңгімелесуден бөлек Халит Эргенч ойнаған сериалдардың саундтректері де этно-симфониялық оркестрінің сүйемелімен шырқалады.
Түрік актерінің Қазақстанға келетіні жайлы шілдеде хабарланған. Эргенчтің өзі жанкүйерлеріне арнайы бейнеүндеу жолдады.