Дастан Сәтбаев пингвиннің басынан сипап, балаша қуанды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
футболшы Дастан Сәтбаев және пингвин
Балаша қуанған қазақ футболшысы / фото: Threads/blueseasondaily, ЖИ көмегімен өңделген

«Челси» құрамында ойнайтын Дастан Сәтбаев Гонконгтағы Ocean Park-ке барды. Қазақ футболшысының пингвиннің басын сипап, балаша қуанғаны көрсетілген сурет әлеуметтік желілерде тарады.

Сурет Ocean Park Hong Kong саябағындағы «Penguin Expedition» (Пингвиндер экспедициясы) саябағында түсірілген. Дастан Папуа пингвинімен (Gentoo penguin) суретке түскен.

Айта кетейік, осы аптада «Челси» клубының ойыншылары Гонконг қаласындағы стадионда «Ювентуспен» жолдастық кездесу өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Сәтбаев матчтың екінші таймында алаңға шықты.

«Челси» 8 тамызда Джакартада (Индонезия) «Милан» клубымен, ал 9 тамызда Джахорда (Малайзия) жергілікті «Джохор Дарул Тазим» командасымен жолдастық кездесу өткізеді.

12 тамызда Дастан Сәтбаев 18 жасқа толады. Сол күні оны «Челси» ойыншысы ретінде ресми таныстыруы мүмкін.

Гонконгқа сапары барысында қазақ футболшы жергілікті жанкүйерлермен суретке түсіп, қолтаңба таратқан. Оның қарапайымдылығына көпшілік сүйсінген.

Сондай-ақ оқыңыз