Сатыбалды қайтарған «Байсат» базары шамамен 13%-ға арзанға сатылды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Алматы қаласындағы "Байсат" базары
Алты мәрте өтпей, жетінші аукционда сатылған базар / фото: kuva.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарып берген «Байсат» базары аукционда сатылды. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (KUVA) оның құнын шамамен 13%-ға түсірген. Базар шамамен 24,7 млрд теңгеге сатылды.

Sauda порталындағы электронды аукцион 7 тамызда түскі сағат 12.00-де өтті. Саудаға бір ғана субъект қатысып, базарды ұсынылған бағаға – 24 772 753 285 теңгеге сатып алды. Әзірге Алматы қаласындағы қымбат нысанды кім сатып алғаны белгісіз.

Байсат базары аукционда сатылды
Sauda порталынан скриншот

Айта кетейік, бағалаушылар «Байсат» құнын 28,6 млрд теңгеге бағалаған. Актив осыған дейін аукционға алты мәрте шығарылып, өтпей қалған. Содан кейін KUVA оның құнын түсіруге мәжбүр болған. Базар жетінші рет ұйымдастырылған аукционда ғана иесін тапты.

«Байсат» KUVA иелігіне шамамен екі жыл бұрын өткен. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды оны 2024 жылғы қаңтарда қылмыстық тергеу барысында мемлекетке «ерікті түрде» қайтарған. 1,4 гектар жердегі үш нысаннан тұратын мүлікке Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтан иелік еткен.

Сондай-ақ оқыңыз