Грант иегерлерінің тізімі жарияланды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖОО-да оқуға бөлінген мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің ресми тізімін жариялады.
Биыл мемлекет тарапынан білім беру саласын қолдау және білікті мамандар даярлау бағытында қомақты гранттар саны қарастырылған. Атап айтқанда, бакалавриат бойынша 75 371 мемлекеттік грант, магистратураға 11 007 грант, ал докторантураға 3 079 грант бөлінді.
Тізімді сілтеме арқылы көруге болады.
Сондай-ақ, толық нәтижелер мен ресми тізім Ғылым және жоғары білім министрлігінің gov.kz ресми порталында, gylym_jogary_bilim Telegram-каналында, сондай-ақ @gylym_jogarybilim Instagram және gylym.jogarybilim Facebook парақшаларында орналастырылған.
Нәтижелер жарияланған алғашқы сағаттарда ресми порталдарға түсетін салмақ өте жоғары болуы мүмкін. Егер веб-сайттар баяу жұмыс істеп жатса, тізімді файл (PDF) түрінде жүктеп алуға болады.
Айта кетейік, биыл гранттың жартысынан көбі инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінді.