Құмар ойынды жарнамалаған тағы бір блогерге халықаралық іздеу жарияланды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Құмар ойынын жарнамалаған тағы бір блогерге халықаралық іздеу жарияланды
Құмар ойынды жарнамалаған тағы бір блогерге халықаралық іздеу жарияланды / фото: bet24.kz

Қазақстандық блогер әрі поп-ММА жекпе-жектерінің қатысушысы Махмуд Хикматовқа Pin-Up онлайн-казиносының қызметіне қатысты іс бойынша іздеу жарияланды.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады. Оның мәліметінше, 26 жастағы Хикматовқа іздеу салынғанына үш айдан асқан. Ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде құмар ойын платформасын жарнамалаған блогерлермен және басқа да танымал тұлғалармен байланыс орнатуға жауапты болған деген болжам бар.

Онлайн-казиноны илгерілетуге қатысты деп күдікке ілінгендердің арасында Қайсар Қамза да бар. Ол бұған дейін Вьетнамда ұсталып, 6 тамызда Қазақстанға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол заңсыз ойын платформасын жарнамалағаны үшін 200 мың долларға жуық қаржы алған.

Козачковтың айтуынша, Хикматов Қазақстаннан көшіп кеткен.

Хикматов сонымен қатар поп-ММА жекпе-жектеріне қатысуымен танымал. Жарияланған статистикаға сәйкес, ол үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіліске ұшыраған.

Сондай-ақ оқыңыз