«Қайрат» жанкүйерлері Түркістанда өтетін матчқа тегін автобуспен бара алады

«Қайрат» жанкүйерлері команданың «Левскиге» қарсы матчына Алматыдан Түркістанға дейін және кері қайтарда тегін жете алады.
Ticketon баспасөз қызметі хабарлауынша, сапарға Freedom және футбол клубы ұйымдастырған үш автобус аттанады.
Матч 11 тамызда Түркістанда өтеді. Автобустар Алматыдан сағат 04:00-де жолға шығады, ал жанкүйерлерді қалаға кері қайту сапары ойын аяқталғаннан кейін бірден ұйымдастырылады. Сапарды Freedom Афиша (ticketon.kz) және «Тауарлар» сервистері ұйымдастырады.
Жолда жолаушыларға пледтер мен жолға арналған жастықтар, сондай-ақ сусындар мен жеңіл-желпі тағамдар беріледі.
Трансферді тек матчқа билеті бар жанкүйерлер ғана пайдалана алады. Орынды брондау үшін хаттың тақырыбына «Автобус в Туркестан» деп жазып, fan.support@fckairat.kz поштасына өтінім жіберу және «Қайрат» фан-клубынан растауды күту қажет.
Автобустардағы орындар саны шектеулі.
Алғашқы ойында «Қайрат» Софияда «Левскиге» 0:1 есебімен есе жіберген болатын. Енді алматылық ұжым өз жанкүйерлерінің алдында есе қайтаруға мүмкіндік алады.
Дегенмен, матч Алматыдағы 23 мың жанкүйер сыятын Орталық стадионда емес, Түркістандағы 7 мың орындық аренада өтеді. Алматыдағы стадионда 14 тамыз күні өтетін Канье Уэсттің концертіне дайындық жұмыстары басталып кеткен.