Қазақстандық шахматшылар студенттер арасындағы Әлем чемпионатының финалында

Алматыда өтіп жатқан FIDE World University Team Chess Championship-2026 турнирінде Қазақ ұлттық спорт университетінің (ҚҰСУ) құрамасы ширек финалда Афина Ұлттық техникалық университетін 5:3 есебімен (2:2, 3:1) жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Шешуші кездесуде Меруерт Камалиденова мен Сатбек Ахмединов жеңіске жетсе, Арыстан Исанжулов пен Қазыбек Нөгербек өз партияларын тең аяқтады.
Енді отандық шахматшылар жартылай финалда турнирдің басты фавориті — Екатеринбургтің Орал тау-кен университетімен ойнайды. Екінші жартылай финалда АҚШ-тың Сент-Луис және Гарвард университеттері өзара кездеседі.
Ширек финал нәтижелері (7 тамыз):
- ОТКҮ (Ресей) – Чили Университеті – 4:0, 3,5:0,5
- ҚҰСУ (Қазақстан) – Афина Ұлттық техникалық университеті (Грекия) – 2:2, 3:1
- Техас Университеті (АҚШ) – Гунадарма Университеті (Индонезия) – 3:1, 2,5:1,5
- Сент-Луис Университеті (АҚШ) – Гарвард Университеті (АҚШ) – 4:0, 3,5:0,5
Турнирдің жалпы жүлде қоры – 50 мың еуро. Жеңімпаз команда 25 мың, күміс жүлдегер 15 мың, ал қола жүлдегер 10 мың еуро иеленеді. Жексенбіде чемпионаттың финалдық және 3-орын үшін өтетін бәсекелері мәресіне жетеді.