Балаларға зиян келтіргені үшін Meta 567 млн доллар айыппұл төлейді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ арқылы жасалған

АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы сот Meta компаниясына балалар мен жасөспірімдердің психикасына зиян келтірді деп тапты. Сол шығынның орнын толтыру үшін 567 миллион доллар төлеуді міндеттеді. Қаржының басым бөлігі жастарды емдеуге және оларға медициналық көмек көрсетуге жұмсалады деп жазады Associated Press.

Сонымен қатар сот компаниядан Facebook пен Instagram-ның жұмыс жүйесін өзгертуді талап етті. Енді платформалар қолданушылардың жасын бұрынғыдан қатаң тексеріп, қауіпсіздік ережелерін жақсартып, кәмелетке толмағандарды қорғауды күшейтуі керек.

Бұған дейін наурызда сот алқасы Meta компаниясы балалардың психикасына зиян екенін біле тұра жасырғаны және жасөспірімдерге қатысты жыныстық сипаттағы заңбұзушылықтар көз жұмғаны үшін кінәлі деп тапқан еді.

Осылайша Meta бұл іс бойынша жалпы алғанда 942 миллион доллар төлеуі тиіс. Ал Meta өкілдері болса, бұл сот шешімімен келіспейтінін және апелляцияға шағым түсіретінін мәлімдеді.

Нью-Мексикодағы бұл сот процесі әлеуметтік желілерге қарсы басталған ауқымды шағымдар толқынының бір бөлігі ғана. Басқа да көптеген отбасылар балаларының денсаулығына зиян келгенін айтып, Meta-ны сотқа беріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз