Астана тұрғындары кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ала алады

Астанада «Кітап оқитын ұлт» атты ауқымды республикалық жоба басталды. Оған қатысқандар бұл үшін ақшалай сыйлық та ала алады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Кітап оқитын ұлт» атты марафон қыркүйек айында басталады. Бұған дейін елорда әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры тиісті меморандумға қол қойған еді.
Марафонға қатысушылар алты ай ішінде 15 кітап оқып, кейін тестілеу мен бірқатар зияткерлік куизден өтуі керек. Сынақ қорытындысы бойынша қатысушылардың әр санатындағы үздік командалар анықталады.
Бірінші орынға – 600 мың теңге, екінші орынға – 450 мың теңге, үшінші орынға 300 мың теңге ақшалай сыйлық қарастырылған.
Марафонға кімдер қатыса алады:
- 6-10 сынып оқушылары;
- колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері;
- педагогтер;
- мемлекеттік қызметшілер;
- ата-аналар;
- мамандығы мен қызмет түріне қарамастан, барлық ниет білдіруші.
Марафон қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Қатысушыларды тіркеу биыл қыркүйек айында жобаның www.reading-nation.kz ресми сайтында басталады.
Оқи отырыңыз: Алматы кітапханаларында тегін үйірмелер ашылды