Экс-министр Аймағамбетов грантқа түсе алмағандарға жөн сілтеді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Тегін оқыдың, енді жұмыс істе: грантты кім, қалай өтеуі керек
Оқуға түсе алмағандарға арналған алты кеңес / фото: shutterstock

Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік грантқа түсе алмаған жастарға алты түрлі кеңес берді.

Аймағамбетов оқуға түсе алмағандар мен олардың ата-аналары не істеуге болады деген сұрақты жиі қоятынын жазды. Экс-министр оларды грант жеңіп алу мүмкіндігі әлі де бар деп жұбатты.

  • Бұрынғы оқу-ағарту министрі ұсынған алты кеңес:
  • Әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді;
  • «Қазақстан халқына» қорының гранттары тағы бар;
  • Талапкерлердің кейбірі түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Сол кезде грант алған талапкерлерден кейін тұрғандарға ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі;
  • Тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады. Жоғары оқу орындарының ішкі гранттары да болады;
  • «Gap year» арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім;
  • Колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады.

Аймағамбетов мүмкіндік көп екенін айтып, грантақ түсе алмағандарға жөн сілтеді. Ол толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығуға да кеңес берді.

Оқи отырыңыз: Грант ұтып алмасаңыз да, тегін білім алудың жолдары бар

Сондай-ақ оқыңыз