Батыста жолаушы автобусы өртенді: салонда 37 адам болған (видео)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Батыс Қазақстан облысында жолаушы автобусы өртенді
Қалаларыл жолаушы автобус өртке оранды / фото: Telegram/Halyqstan, видеокадр ЖИ-мен өңделді

Батыс Қазақстан облысында жолаушы автобусы жүріп бара жатқан уақытта өртенді. Оқыс оқиға болған уақытта көлік салонында 37 адам болған.

Жолаушы автобусы Орал қаласынан Қаратөбеге бара жатқан. Көлік қозғалыс кезіндеөртене бастаған. Оқиға 8 тамызда кешке болған.

Автобус ішінде ондаған жолаушы болғанына қарамастан, өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Салондағы адамдардың бәрі автобустан түсіп үлгерген.

Әлеуметтік желілерде таралған видеолардан будақтаған қара түтін мен қып-қызыл отты көруге болады.

«8 тамызда кешке Теректі ауданында, Самара – Шымкент жолында, Шалқар көліне қарай бұрылатын жерде автобус өртеніп жатқаны туралы шұғыл хабар түсті. Салонда 37 жолаушы болған. Олардың бәрі өздігімен шығып үлгерген. Ешкім зардап шеккен жоқ», – деп таратты облыстық төтенше жағдайлар министрлігі.

Өртті сегіз адам сөндірген. Екі арнайы техника қолданылған.

2026 жылғы жаз ерекше ыстық болып тұр. Қазақстанның түрлі өңірлерінде өрт қаупі жоғары екені жиі ескертіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз