Елде бір аптада 50-ге жуық орман өрті тіркелді

9 тамызда Қазақстанда мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Өңірлер бойынша:
- Ақмола облысы – 1 өрт;
- Қостанай облысы – 1 өрт;
- Павлодар облысы – 1 өрт;
- «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – 1 өрт.
Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК әуеден патрульдеу жұмыстары кезінде анықталды. Өрт туралы дабыл түскен бойда орман шаруашылығы мекемелерінің күштері мен құралдары оқиға орындарына шұғыл бағытталды.
«Өртті сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» РМҚК десантшы-өртсөндірушілері, сондай-ақ мемлекеттік орман қорғау қызметінің күштері мен техникасы жұмылдырылды», – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың 2 мен 9 тамызы аралығында Қазақстан аумағында 47 орман өрті тіркелген. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы орман шаруашылығы мекемелерінде – 21 өрт, мемлекеттік орман қоры жерлерінде – 26 өрт тіркелді.
Мемлекеттік орман қорғау қызметі мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК жұмысты күшейтілген режимде жалғастырып жатыр.
10 тамызда Қазақстанның барлық өңірінде күн ыстық және бұлтты болады. Оңтүстікте ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі.