Toyota спорттық моделін жаңғыртты

2026 жылы 6 тамызда GAZOO Racing (GR) жаңартылған GR86 моделін таныстырды.
Жапониядағы Toyota дилерлері көлікке тапсырысты 28 тамыздан бастап қабылдайды.
Не өзгерді
Жаңартылған GR86-ның негізгі ерекшеліктеріне аз кем тоқталсақ, Solid Gray шанақ түсі қайта ұсынылып отыр. Сонымен қатар, RZ жиынтығының интерьері жаңартылды. Дроссельді басқару, руль күшейткіші және беріліс ауыстыру жүйесі жетілдірілген. Жүргізушіге көмектесетін EyeSight жүйесі үш камерамен жабдықталып отыр. GR86 Cup Car жарыс нұсқасына автоматты беріліс қорабы қосылған.
Инженерлер мен кәсіби сынақ жүргізушілері көліктің жүріс сапасын жақсарту үшін трассалар мен сынақ полигондарында ауқымды жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде GR86-ның маневрлігі, басқару дәлдігі және жедел реакциясы жетілдірілді.
Ең танымал көлік
EyeSight жүйесіндегі үш камера көру аймағын кеңейтіп, көліктің қауіпсіздігін арттырады. Ал руль жүйесі жоғары жылдамдықтағы бұрылыстарда көлікті тұрақты ұстап, белгіленген траекторияны дәл сақтауға мүмкіндік береді.
2021 жылы нарыққа шыққан GR86 әлем бойынша шамамен 110 мың дана сатылып, GR модельдері қатарындағы ең танымал көлікке айналды.
Жаңартылған GR86 «Solid Gray» түсінде 7 қыркүйекке дейін Нагоядағы Midland Square автосалонында көрсетіледі. Ал 12 қыркүйекте модель «FUJI 86/BRZ STYLE 2026» шарасында таныстырылады.
Қазақстандықтар жиі тақымдайтын темір тұлпарлардың арасында Toyota көш бастап тұр. Содан кейінгі орында ВАЗ және Hyundai келеді.