Астанаға транзиттік жүк көліктерінің кіруіне тыйым салынды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Транзиттік жүк көліктері Астанаға кіре алмайды / Фото: kursiv.media, Серікжан Қобланбаев

Астана әкімдігі транзиттік жүк көліктерінің қала арқылы өтуіне тыйым салды. Енді олар айналма жолмен жүруі керек. Елорда әкімдігінің тиісті қаулысы күшіне енді.

Құжатта транзиттік автокөліктердің қала аумағы арқылы жүру бағыты мен тәртібі белгіленген. Өзгерістер «ҚР астанасы – Астана қаласының мәртебесі туралы» конституциялық заң қабылданғаннан кейін енгізілді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, транзиттік жүк көліктеріне елорда көшелерімен жүруге тыйым салынды.

«Транзиттік ауыр жүк көліктерінің «Астана айналма жолының» ішіндегі қала аумағына кіруіне тыйым салынады. Қолданыстағы заңнамада жеңіл көліктердің қала аумағында жүруіне қатысты мұндай шектеулер белгіленбеген», – делінген құжатта.

Транзиттік автокөліктердің қала аумағы арқылы жүру бағыты мен тәртібі / Фото: құжаттан скриншот

Қаулы 8 тамыздан бастап күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыз